Көшет отырғызу – көшелі іс

Облыстық мәслихат төрағасы Бауыржан Шыңғысов пен аудан әкімі Аманжол Мырзабековтің қатысуымен “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы аясында Жезді кентіндегі құрылыс жұмыстары жүріп жатқан дене шынықтыру-сауықтыру орталық алаңын абаттандыру мақсатында ағаш отырғызу шарасы ұйымдастырылды.

Мәслихат төрағасы кент тұрғындарына экологиялық маңызы зор бұл шараға қатысқандары үшін алғыс айтып, ізгі тілегін білдірді. Сондай-ақ, кент ақсақалдары ақ батасын беріп, жастарға үлгі көрсетті. Мұндай акциялар қоршаған ортаны жақсартуға септігін тигізіп қана қоймай, қоғамның экологиялық мәселелерге белсенді көзқарасын қалыптастырады.

 Ұлытау ауданы әкімінің баспасөз қызметі.