Орман мен дала өрттері – қатаң бақылауда
Қазіргі таңда облыс көлеміндегі ең маңызды мəселелердің бірі жаз айы мезгіліндегі орман жəне дала өрттерінің қауіпсіздігін сақтау болып отыр. Орман өрттері ағаш жəне шіліктерді, орманда əзірленген өнімдерді, құрылыстар мен ғимараттарды жояды. Өрттен əлсіреп қалған өсімдіктер зиянды ауруларға шалдығады, бұл өрттен зақым келген ағаштармен бірге маңындағы өсімдіктердің де құруына əкеліп соқтырады. Өрт салдарынан орманның қорғау, ылғал сақтау жəне басқа да пайдалы қасиеттері жойылып, құнды фауна құртылады.
Негізінде, өрттердің 80% халықтың еңбек ету жəне демалу орындарында өртпен абайсыз болуынан жəне орманда жарамсыз техниканы қолданудан туындайды. Сондай-ақ, дала өрттері сырттан келген себептерден туындайды. Себебі, ағаштардың арасында оттың шығу көзі жоқ. Кейде кездейсоқ найзағай тиеді, алайда көбінесе адамдар себепкер болып жатады.
Дала өрттерінің пайда болуына бірден-бір себеп, ұзақ уақыт бойы жауын-шашынның болмауы, күннің аптап ыстығы мен желдің қатты соғуы жəне адамдардың от ошағын сөндірмеулері салдарынан болады. Дала өрттеріне жол бермеу үшін далада отты барынша абайлап қолдану керек жəне бұны басқалардан да талап ету қажет. Өрт қаупі кезеңінде далада от жақпаңыздар, сөндірілмеген темекі тұқылдарын жəне сіріңкелерді тастамаңыздар! Сондай-ақ, демалушы азаматтардың қаперіне: өздері демалыс ұйымдастырған жерлерде тазалық сақтау, жағылған от көздерін сөндіру, яғни үйлеріне қайтар мезгілінде оттың сөндірілгеніне сенімді болуы керек.
Далалық жерлерде өрт тұтанғанын байқағанда кент, ауылдық округ əкімдіктеріне немесе өрт сөндіру қызметіне (112, 101 байланыс телефонына) уақытылы хабарлау қажет. Ал тұтанудың шағын ошақтарында өздігінен қоластындағы құрал-жабдықтармен сөндіру шараларын қолдану керек.
Дала өрттерін сөндірудің тəсілдері:
– төменгі өрттердің шетін шаршып өшіру. Ол үшін ұзындығы 1-2 м бұтақтарды немесе шағын жердің шетінен сырғыта ұрғылайды, оттың жалынын шарпыта сөндіріп, шоқтарды жанып кеткен жерлерге сыпырады. Бұл тəсіл төменгі баяу өрттерді сөндіруде тиімді, себебі олар сағатына 0,5-тен 1 шақырымға дейін жайылады. 3-5 адамнан тұратын топ 40-50 минуттың ішінде 1000 м дейін жайылған өртті сөндіре алады;
– төменгі өрттің шетіне күрекпен топырақ лақтырып сөндіру тəсілін қолданғанда, жалын механикалық жолмен басылып, жанғыш материалдар суықтатылады, оларға ауаның баруы шектетіледі. Бұл тəсілмен құмды, топырағы бар жерлерде жеңіл өрттер сөндіріледі. Бір адам жарты сағаттың ішінде өрттің 20 метрдей шетін топырақпен жаба алады;
– шамалы отты аяқпен де таптап тастауға болады;
– егер жақын маңда су болса жəне оны əкелетіндей ыдыс болса, өртті сумен сөндіру қажет. Ең маңыздысы- жануды немесе түтіннің иісін уақытында байқау, оттың жүру бағытын анықтау керек. Дала өрті жақындауының белгілері:
– желмен келген (түтін) иісі;
– орман алқабының үстінен төселген тұман тəрізді түтін;
– көкжиектің бір нүктесінде түнгі жарқырау, біртіндеп жан-жаққа таралып жатады, құстардың, жəндіктердің мазасыздануы, жануарлардың бытырап қашуы.
Өрт туындағанын байқасаңыз келесі əрекет жасауыңыз қажет:
– үрейге бой бермеңіз, сабыр сақтаңыз;
– биіктеу жерге немесе ағаштың үстіне шығып өрт ошағының шекарасын анықтаңыз;
– өрттің шамамен жылжу бағыты мен жылдамдығын ескере отырып, эвакуация жолын анықтауға тырысыңыз;
– өрттен жел соғып тұрған жаққа қарай, оттың ошағын айналып өтіп ығына қарай шығуға тырысыңыз;
– егер мəжбүр болсаңыз, өрт болып жатқан жер деңгейінен жоғары төбелерде, батпақ далаларда, биік шоқылардың үстінде жасырынуға болады.
Адам бір себептермен оттың ошағында қалған жағдайда, келесі əрекет жасау қажет:
– өзінің маңайында мүмкіндігінше мол аумақты шөп, жапырақ, бұлақтардан жəне т.б. тазалау;
– жанғыш жəне тез тұтанғыш құрал жабдықтардан құтылу керек.
Ұлытау ауданының ТЖ бөлімі.