Мемлекеттік қызмет – абыройлы міндет
Мемлекеттік қызмет – жауапкершілікті аса қажет ететін, жоғары деңгейдегі, ең сапалы қызметтің бірден-бір үлгісі. Қоғамның қажеттілігін өңдейтін ұлтжанды, отансүйгіш азаматтардың атқаруымен жүзеге асатын қызмет. Сондықтан əрбір қызметкердің бойынан ұқыптылық, əділдік, адамгершілік, кəсіби білім мен жаңашылдық табылуы тиіс. Əсіресе, өзіне деген құрмет, жұмысына деген махаббат пен халқына деген сүйіспеншілік – ең бірінші талап. Себебі, мемлекеттің өсу деңгейі мен ел қамын ойлаған жұмысшы еңбегінің нəтижелі болатыны сөзсіз. Біз қызмет көрсетіп отырған кішігірім əріптестер қауымына қойылатын талап та осындай.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бір сөзінде: «Мемлекеттік қызмет дегеніміз – жеке бастың бақ-дəулетін арттыратын жер емес. Бұл туған халқыңның алдында айрықша жауапкершілік арқалау деген сөз» деп бекер айтпады. Сапалы қызмет көрсетілуі үшін қызметкерге артылатын міндет те едəуір мықты болуы шарт. Халық алдында абыроймен адал еңбек еткенде ғана, экономикалық тұрғыдан ғана емес, рухани тұрғыдан да өсу болады. Мемлекеттік қызметтің құндылығын түсінгенде ғана əрдайым жаңашыл өзгеріс болады. Əр қызметкер саналы түрде осы ережені ұғынғанда ғана халықтың тарапынан үлкен сенім болады. Ал сенім болған жерде міндетті түрде ашықтық болады. Біз қызмет көрсететін статистика саласында халыққа шынайы ақпарат беру – басты міндет.
Еліміздің ертеңі бүгінгі мемлекеттік қызметшілердің адамдық парасаты мен ар-ождан жəне кəсібилігіне байланысты болғандықтан, «Біздің міндет — халыққа қызмет» деген ұран аясында елге деген адалдықтың ақ туын абыроймен ұстану – баршамызға ортақ міндет екені хақ.
Мадияр ТОРҒАЕВ,
Ұлытау аудандық Қазынашылық басқармасының басшысы.