КӨКТЕМГІ ЕКІАЙЛЫҚ: 6000-НАН АСТАМ ҰЛЫТАУЛЫҚ СЕНБІЛІККЕ ШЫҚТЫ

Бүгін Ұлытау облысында көктемгі екіайлық сенбілік бастау алды. Нәтижесінде өңірдің 470 гектар аумағы күл-қоқыстан тазартылды.

Көктемгі алғашқы жалпыоблыстық сенбілікке Ұлытау облысы бойынша барлығы 437 ұжым, 6016 адам қатысты. Тазалық жұмыстарына 110 арнайы техника тартылып, 56 рұқсат етілмеген қоқыс жойылды.

Сонымен қатар, облыс бойынша 1000-ға жуық ағаш қырқылып, тұрмыстық қатты қалдықтарға арналған 10 контейнер орнатылды.

Айта кетейік, биыл 01 сәуірден 01 маусымға дейін Ұлытау облысының қалалары мен аудандарының аумақтарын санитарлық тазалау, абаттандыру және көгалдандыру бойынша көктемгі екіайлық жарияланған болатын. Келесі жалпыоблыстық сенбілік 27 сәуірге жоспарланып отыр.