2027 жылы ҰБТ-ның жаңа форматы пайда болады
Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова елде халықаралық деңгейдегі мүлде жаңа тест түрі енгізілетінін мәлімдеді.

Не білуіңіз керек?
Бұл жай ғана тест емес, америкалық әйгілі ETS компаниясымен бірлесіп жасалған халықаралық жоба. Енді талапкердің алдында таңдау болады: не дәстүрлі ҰБТ тапсырады, не жаңа балама тестті таңдайды.
Жаңа формат тек мектептегі формулалар мен даталарды сұрамайды. Ол сіздің өмірлік дағдыларыңызды (life skills), логикаңызды және кез келген жағдайда шешім қабылдау қабілетіңізді тексереді.
Қашаннан басталады?
✅ 2026 жылы – ҰБТ-да ешқандай өзгеріс болмайды.
✅ 2027 жылы – Жаңа тест алғаш рет пилоттық режимде іске қосылады.
