2022 жылғы қаржылық есептілік депозитарийі бойынша жүргізілген жұмыс туралы ақпарат

Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің 20.09.2022 жылғы № КВ/33042 тапсырмасына сәйкес, Ұлытау облысы бойынша қаржылық есептілік депозитарийінде қаржылық және аудиторлық есептерді тапсырмаған 9 заңды тұлға анықталды, оның ішінде: Ұлытау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің деректеріне сәйкес 2 ұйым әрекетсіздер тізілімінде, 1 ұйым тіркелген жері бойынша табылмады, онда ІМАД учаскелік полиция инспекторымен бірлесіп тиісті хаттама жасалды.

Жалпы, Қазақстан Республикасы заңнамасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік нормаларының бұзған квазимемлекеттік сектор субъектілеріне Департаментпен әкімшілік іс қозғалды және ҚР ӘҚБт-ның 239-бабы бойынша 6 хаттама толтырылды, оның ішінде: 4 хаттама бойынша 1 379,3 мың теңгеге әкімшілік айыппұл өндірілді, 1 хаттама бойынша әкімшілік іс сот органдарында ІМАД пайдасына оң шешіммен қаралды, 1 қаулы бойынша әкімшілік айыппұлды мәжбүрлеп өндіріп алу жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін сот орындаушыларына жіберілді.