МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР – ЖИЫН ӨЗЕГІ

Ұлытау облысының әкімдігінде төтенше экологиялық жағдай аймағы немесе экологиялық апат аймағы деп жариялануы мүмкін аумақты (акватория) зерделеу жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.

Жиын барысында «ЭКОСЕРВИС-С» ЖШС өкілдері 2023 жылдың маусым айында атқарылған жұмыстардың нәтижелерін жұртшылыққа таныстырды.

«ЭКОСЕРВИС-С» ЖШС директоры С.Асқаров өткен отырыста (26.05.2023) жасалған комиссия мүшелерінің ұсыныстарының орындалу барысы туралы ақпаратпен таныстырды.

«ЭКОСЕРВИС-С» ЖШС-нің Ұлытау өңірі бойынша өкілдігінің директоры экологиялық блок бойынша алынған (атмосфералық ауаны, топырақты, суды және зерттелетін аумақтағы радиациялық жағдайды бағалау) ақпаратпен таныстырды. Бірқатар қолайсыз экологиялық мәселелермен таныстырды.

«ЭКОСЕРВИС-С» ЖШС ғылым және аналитикалық зерттеулер департаментінің директоры Н.Яковлева келесі бағыттар бойынша атқарылған жұмыстар туралы комиссия мүшелерін хабардар етті: флора мен фаунаны бағалау; әлеуметтік-экономикалық даму; және елді-мекен тұрғындарының денсаулығын бағалау. Жоспарланған жұмыстар туралы комиссия мүшелеріне ақпарат берді.

Облыс әкімінің орынбасары Ұ.Үсенов комиссия мүшелерін жобаны жүзеге асыруға белсенді қатысуға шақырды.
Жиынға қатысушылар жобаның орындалу барысы туралы жұртшылық пен қала тұрғындарын хабардар ету керектігін ұсынып, облыстағы бірқатар түйткілді мәселеге орындаушылардың назарын аударды.