ЕРЛІК ИЕЛЕРІНЕ ЕРЕН ҚҰРМЕТ
23 маусым – Полиция күні қарсаңында Ұлытау аудандық полиция бөлімінде қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан полиция қызметкерлеріне арнап мемориалдық тақта тасы ашылды.
Іс-шараға ішкі істер орган ардагерлері, ПД басшылығы және Ұлытау ауданының тұрғындары мен аудан активі қатысып, ескерткішке гүл шоқтарын қоюдан бастады.
Қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан азаматтарды еске алу үшін бір минут үнсіздік жарияланды.
Еске алу іс-шарасынан кейін Ұлытау ауданының жеке құрамын 23 маусым — Полиция күнімен құттықтап, еңбектеріне табыс, қызметтеріне сәттілік тіледім.
Қайыркен ӘЛИЕВ,
Ұлытау облысы полиция департаментінің басшысы.