114 жастағы кейуана өз таңдауын жасады
Бүгінгі маңызды істе Ұлытау облысындағы үлкен адамдардың белсенділігі жоғары. Жалпы, ұлытаулықтардың сайлау науқанындағы көңіл-күйлері көтеріңкі десе де болады. Тағы бір айта кетерлігі, Жаңаарқа ауданы Қызылжар ауылында тұратын ең жасы үлкен қарт ана науқаннан тыс қалмады. Көзі ашық, көкірегі ояу 114 жастағы Түймегүл Темірбаева өз үйінде таңдау жасады.
– Сайлау, бұл – ел үшін аса маңызды шара. Жасы мен жасамысы мұндай жауапты сәтте қалыс қалмауы керек. Әсіресе, жастар мемлекетке қатысты саяси науқанда қол қусырып қарап отырмауы тиіс. Елдің гүлденуі халыққа байланысты. Егер республиканың тұрғындары белсенді болса, барлығы оң шешімін табады. Осы жасыма дейін бірнеше сайлауға қатыстым. Мен ұрпағымның болашағы үшін дауыс бердім, – дейді әже.