ІІМ ата-аналардан балаларға автомобиль кілтін бермеуді сұрады

ІІМ өкілі Шұғыла Тұрлыбек ата-аналар қауіпсіздік туралы ойланбай балаларға көлік кілтін берген кезде жасөспірімдердің кінәсінен бірқатар жол-көлік оқиғалары орын алатынын айтты.

Сондай-ақ, ол жыл басынан бері Қазақстанда көлік жүргізген жасөспірімдердің кінәсінен 70 жол көлік апаты тіркелгенін хабарлады. Нәтижесінде 9 адам қаза тауып, 80-нен астам адам жарақат алған.