Зульфия Чиншанло қола медаль алды

Токио Олимпиадасында ауыр атлетикадан әйелдер арасында 55 келіге дейінгі салмақта жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Қазақстандық Зүлфия Чиншанло қола медаль жеңіп алды деп хабарлайды Olympic.kz. 

Қазақстандық спортшы қоссайыс қорытындысы бойынша 213 келіні бағындырды. Ол жұлқа көтеруде 90, серпе көтеруде 123 келіні көтерді.

Бұл салмақта алтын медальді Филипин өкілі Хидилин Диас (224 келі) еншілесе, күмісті қытайлық Ляо Кюн (223 келі) иеленді.

Осылайша, Токио Олимпиадасына аттанған екі зілтеміршіміз де қола медаль тағынды.