Әзірлік мәселесі қаралды

Аптаның басында Ұлытау облысындағы төтенше жағдайлардың алдын алу жəне жою жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Жиында 2024 жылғы өрт қауіпті кезеңінің қорытындысы, «Қыс-2024» командалық-штабтық оқу-жаттығуға дайындық, алдағы қыс мезгіліне жəне көктемгі су тасқынының алдын алуға бағытталған іс-шаралардың орындалу барысы жəне азаматтық қорғану құрылғыларын əзірлікке келтіру туралы маңызды мəселелер қаралды.

Отырыста Ұлытау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Есен Байыров саладағы атқарылған жұмыстар, өзекті мəселелер жəне шешу жолдары жайында баяндаса, қалааудан əкімдері мен тиісті басқарма басшылары, «ҚазАвтоЖол ұлттық компаниясы» АҚ филиалының директоры өңірлер мен трассалардың қыс мезгіліне дайындығы жайында ақпарат берді.
Бұл тұрғыда өңір басшысы облыстық маңызы бар жолдарда қызмет көрсететін мердігерлер мен ұйымдардың қыс мезгіліне дайындығын қатаң бақылауға алуды тапсырды. Ал республикалық маңызы бар жолдарды қажетті техникалармен қамтамасыз етіп, уақытында жолдардың аршылуын жəне инертті материалдардың қажет кезінде себілуін бақылауға алу міндетін жүктеді. Сондай-ақ облыс əкімі су тасқынының алдын алуға бағытталған жұмыстардың нəтижелі болуы маңызды екенін алға тартты. Өңір басшысы бұл ретте аталған жоба толық аяқталған соң, қабылдап алуда келеңсіздік болдырмауды назарда ұстау қажеттігін жеткізді.

Аманкелді АҚШАЛ.