Жылжымайтын мүлікке құқықтарды электронды тіркеу

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды электрондық тіркеу Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі №310 «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу» туралы Заңының 4-тарауы, 20-бабын қолданысқа ала отырып, тіркеу жүргізу тәртібімен жүзеге асырылады.

Real estate agent handing over house keys

Электрондық тiркеу мынадай тәртiппен жүргiзiледi:

1) нотариус куәландырған мәмілелер, жылжымайтын мүлікті сату-сатып алу, сыйға тарту, айырбастау, меншік құқығын куәландыру немесе мұраға алу куәлігі берілгеннен кейін, құжатты куәландырған нотариус; құқық белгiлейтiн құжаттың электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық көшiрмесiн бiрыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе арқылы құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесiне жiбередi;

Тіркеуші орган: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қарағанды облысы бойынша филиалының Жер кадастры және жылжымайтын мүлік бойынша Жезқазған қаласының бөлімі

Құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесінде, ал қажет болған кезде ЭҮТШ-те жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін ақының төленгенін растайтын электрондық чектің болуын, төленген ақының толықтығын және электрондық чекте және құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесінде көрсетілген құқық белгілейтін құжаттың бірегей нөмірінің сәйкестігін тексереді;

Құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесінде жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін ақының төленгені немесе ақы төлеуден босатылғаны туралы растау болған жағдайда, осы баптың 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген әрекеттерді жүзеге асырады;

Осы Заңда көзделген негіздер бойынша тіркеу жүргізілгені туралы не мемлекеттік тіркеуден бас тарту немесе оны тоқтата тұру туралы хабарламаны бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеге, сондай-ақ, олар болған кезде мәмілеге қатысушылардың электрондық мекен жайларына жібереді.

Тіркеу ісінде сақтау үшін құқық белгілейтін құжатты, тіркеу жүргізілгені туралы, не мемлекеттік тіркеуден бас тарту немесе оны тоқтата тұру туралы хабарламаны және жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін ақының төленгенін растайтын электрондық чекті қағаз жеткізгіште басып шығарады.

3. Екінші деңгейдегі банктермен жасалатын банктік қарыз шартын қамтамасыз етуге берілген кепілді электрондық тіркеу уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүргізілуі мүмкін.

Жылжымайтын мүлікке меншік құқығын электронды тіркеу арқылы Сіз уақыт үнемдейсіз: біріншіден, мемлекеттік тіркеу үшін өтініш жазылмайды; екіншіден, құқық белгілейтін құжаттардын көшірмелері ұсынылмайды; үшіншіден, тез арада тіркеу үшін ақы төленбейді; төртіншіден, консультанттарға бір, құжат өткізу үшін инспекторларға екі, одан кейін дайын құжатты алу үшін таусылмайтын кезекте тұрмайсыз.

Жанар ЖОЛДАСОВА,

Жезқазған қаласының ауданаралық

Әділет басқармасының бас маманы.