Жолдау-2024: Экономикалық дамудың жаңа серпіні

Бәсекеге төтеп бере алатын ел боламыз десек, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауында білімді, ғылымды жетілдіру мәселесі толық айқындалған. Жолдауда көрсетілген ел экономикасын және ел басқаруды түбегейлі өзгертудің қажеттілігін өмірдің өзі талап еткендігін айта келе, Президент біздің болашақ дамуымыз жан-жақты сарапталған өзгерістер жасауға байланысты деп көрсетті. Соңғы жарты жылдағы әлемдегі індет, дағдарыс біздің әлсіз жақтарымызды ашық көрсетті. Жолдауда соның орнын толықтыруды ұсына отырып, жас ұрпақтың оқуына, үздіксіз білім алу және ғылым саласында жетістіктерге жетуіне барлық жағдайды жасаудың маңыздылығына ерекше тоқталған.

ХХ ғасырдың басында Алаш зиялылары Ресей империялық -отаршыл үкіметінің өзіне де петиция жазып талай іргелі ұсыныстар жасап, сол кездегі Думада қазақтың жер, оқу, дін т.б. стратегиялық мәселелерін дұрыс талқылауға қол жеткізген еді. Ал бүгін мемлекеттік-ұлттық маңызды мәселелерді шеуде халық пікірімен санасатын, халықты тыңдай білетін билік болсын «дейтін ұстанымына берік Президент , халықтың петиция жазу арқылы маңызды ұлттық шешімдер қабылдауда тікелей атсалысуы қажет » деген пікірін біз өте дұрыс деп санаймыз.

Тарих сабағынан тағлым алу тек жақсы нәтижеге жеткізеді. Сонымен қатар, Жолдаудың бірінші қырқүйек жаңа оқу жылының бастау күнінде жариялануы «Ел болам десең бесігіңді түзе» деген тарихи тұжырымға мән бергендіктің белгісі деп санаймыз.

Гүлім БАЙМАҒАНБЕТОВА,
әдістемелік-библиографиялық бөлім меңгерушісі.