ЖОЛ САПАСЫН ЖАҚСАРТУ – БАСТЫ НАЗАРДА
Аудан басшысы Аманжол Мырзабеков Сарысу ауылдық округіне іссапармен барып, орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан аудандық дәрежедегі Жыланды ауылына кіреберіс жолының жұмысымен танысты.
⠀
Оған облыстық, аудандық бюджет есебінен қаржы бөлініп, жұмыстарды мердігер «Алмас Құрылыс Қазақстан» ЖШС атқаруда. Қазіргі уақытта 9 шансиман ауыр жүк көлігі, 5 камаз, 3 жол тегістегіш, 1 экскаватор, 2 суқұйқыш, 3 жол салатын арнайы техника және 30 адам жұмыс жұмыспен қамтылған.
⠀
Осы орайда жол жөндеу жұмыстарын қатаң бақылауға алу қажеттігі айтылып, облыстық басқармамен бірлесе жұмыс жасау жауапты аудан әкімінің орынбасарына және ауыл әкіміне тапсырылды.
⠀
Сондай-ақ, іссапар барысында аудан басшысы «Ауыл — ел бесігі» бағдарламасы аясында қаржысы бөлініп, қазіргі уақытта конкурстық жұмыстары жүргізіліп жатқан Сарысу ауылының Әуезов, Сейфуллин, Сәтбаев, Бейбітшілік, Тіккөзов көшелеріне де тоқталып өтті. Мердігер анықталғасын, уақыт созбай жақын күндері жол құрылысын бастауды Сарысу ауылының әкіміне тапсырып, тікелей өз бақылауында ұстайтынын жеткізді.⠀
Ұлытау ауданы әкімінің баспасөз қызметі.