«Жол картасы» бекітілді

«Nur Otan» партиясы Ұлытау аудандық филиалының төрағасы – аудан әкімі Советбек МЕДЕБАЕВ тізгінін ұстаған партияның аудандық филиалы Саяси кеңесі Бюросының отырысында жақын болашақтағы жастар саясатына қатысты маңызды мәселе қаралды.

Нақтылай түссек, бюро отырысының күн тәртібіне партияның 2025 жылға дейінгі «Жастар – Отанға!» бағдарламасын іске асыру жөніндегі «Жол картасын» бекіту туралы мәселе шығарылды. Келешектің кепілі саналатын жастар қауымының мүмкіндіктерін молайтып, әлеует арттыруға арналған құжаттың әр тарауының ішкі мазмұны кең тұрғыда талқыланды.

«Жол картасы» Саяси кеңес Бюросы мүшелері тарапынан айтылған ой-пікірлер мен ұсыныстар ескеріле отырып бекітілді, соған орай, тиісті қаулы қабылданды.

Өз тілшімізден.