Жезді кентінде жастармен дөңгелек үстел өтті
Жезді кенті әкімінің аппараты жанында «Лудомания мен нашақорлықтың алдын алу» тақырыбында жастармен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында құқық бұзушылықты, ойынқұмарлық пен нашақорлықты болдырмау, салауатты өмір салтын насихаттау және зиянды әрекеттердің салдары туралы кеңінен ақпарат беру.
Кездесу барысында жастар ашық пікір алмасып, жеке тұлға мен қоғамға зиян келтіретін әрекеттердің зардабына терең тоқталды.
Мұндай кездесулер жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, өз болашағына саналы әрі жауапкершілікпен қарауға жол ашады.
Құндыз ӘЛІМҚҰЛОВА,
Ұлытау аудандық жастар
ресурстық орталығының Жезді кенті
бойынша инспекторы.
