Жезді кенішінің 80 жылдығы тойланады

Ұлы Отан соғысының қысылтаяң кезеңінде академик Қаныш Сәтбаевтың тікелей басшылығымен аз ғана мерзім ішінде Жезді кенішінен алғашқы марганец кені алынғанына биыл 80 жыл толып отыр.

Мерейтой жылы үнсіз қалмауды мақсат тұтқан Жезді кентіндегі жастар қауымы бастама көтеріп, үлкен той өткізудің қамына батыл кірісіп кетті. Қазір 17 қыркүйекке белгіленген мерейтойдың логотипі бекітіліп (суретте) ұйымдастыру шаралары ұтымды жүргізілуде. Бұл туралы Жездінің төлтумасы, кәсіпкер, Ұлытау аудандық мәслихатының депутаты Қалыбек Башарұлы өзінің Фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

Өз тілшімізден.