Жезқазғанның үздік жастары «Мен – жас қазақстандықпын» форумында марапатталды
Жезқазғанда қаланың дамуына елеулі үлес қосқан жастар марапатталды. Тұңғыш Президент күніне және Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Мен – жас қазақстандықпын» форумында түрлі салада өзін көрсете білген жастардың үздік өкілдеріне номинациялар бойынша сертификаттар, сыйлықтар табыс етілді.
Жезқазған қаласының әкімі Қайрат Абасаттаров тәуелсіздік құрдастарын және қаланың барлық жастарын келе жатқан мерекелерімен құттықтады. Ол 1991 жылы 16 желтоқсанда Жезқазған перзентханасында дүниеге келген Валентин Атакишиевті, Жалғас Балмағанбетовті және Ульяна Зяблицеваны таныстырды. Валентина дәрігер болып жұмыс істейді, Жалғас – жеке кәсіпкер, ал Ульяна – металлургия саласының маманы. Форум кейіпкерлері өздері туралы айтып, болашаққа арналған жоспарларымен бөлісті.
Сондай-ақ форум аясында белсенді жезқазғандықтар мен қаланың үздік оқу орындары марапатталды. Атап өтілгендей, Жезқазған бизнес және көлік колледжі мен жоғары политехникалық колледжі үздік танылды.
«Жыл патриоты» номинациясы Нұргүл Талғатбековаға берілді. Жылдың үздік жас актерлері Жезқазған музыкалық колледжінің студенттері Думан Әбілтаев пен Марғұлан Естерек болды. «Жас маман» номинациясын Тәңірберген Жанатов жеңіп алды.
«Құқық қорғау органдарының үздік қызметкері» номинациясы бойынша Ерзат Көкенов марапатталды. Нәзира Аймағамбетова жылдың жас ғалымы болып танылды. Азамат Оразалы жылдың үздік жас маманы атанды», – деп хабарлады Жезқазған жастар ресурстық орталығында.
Сондай-ақ, үздік еріктілер, спортшылар, блогерлер, ақындар және т. б. марапатталды.