Жезқазғандықтар сапалы жылумен қамтамасыз етіледі

Kazakhmys Energy компаниясы Жезқазған ЖЭО-дағы ескірген қазандық агрегаттарының бірін алмастырады. Ескісі өзінің нормативтік мерзімін орындап болды. Жаңа жабдықтар Жезқазған тұрғындарын сапалы жылумен қамтамасыз етуі тиіс.

Жаңа қазандықты жеткізуші – «Қызыл қазандық» Таганрог қазандық зауыты.

Қазандық агрегатын жобалау кезінде зиянды шығарындыларды азайту және жұмыстың техникалық-экономикалық көрсеткіштерін ұлғайту бойынша заманауи технологиялар ескерілді. Жаңа қазандық үнемді және экологиялық талаптарға сәйкес келеді.

Жобаның жалпы құны 8 миллиард теңгеден асты.

Қазандық агрегатын ауыстыру жобасы әзірленді. Пайдаланылған жабдықтар толығымен бөлшектелген. Қыркүйектен бастап монтаждау жұмыстары басталады. Жобаны аяқтау мерзімі – 2023 жылғы қаңтар.

Салмағы 420 тоннадан асатын негізгі жабдық Топар кентінің ГРЭС-2 қоймасында орналасқан. Оны темір жол арқылы Жезқазғанға жеткізеді.

Жезқазған ЖЭО қазандық агрегаттарының тозуы 75%-дан асады.

Дереккөз – Қарағанды облысының әкімдігі