Жезқазғанда жылу желілерін жөндеу жұмыстары жалғасуда

Мемлекеттік сатып алу туралы конкурс қорытындысы бойынша «А Company» ЖШС-мен «Жезқазған қаласының жылу желілерін жөндеу (1 бөлім)», «Жезқазған қаласының жылу желілерін жөндеу (2 бөлім)» нысандары бойынша келісім-шарт жасалды.

Сметалық құжаттамада 18,5 шақырым жылу желілерін жөндеу қарастырылған.

Суретте: Холмецкий көшесіндегі жылу желілерінің учаскесі көрсетілген. Мұнда 930 м құбыр ауыстырылады.

Жұмыстың аяқталу мерзімі – 2023 жылдың 1 тамызы.