Жезқазғанда жасыл желектерді зиянкестерден қорғау жұмыстары жүргізілуде
Бұл жайында Берік Әбдіғалиұлының төрағалығымен өткен аппарат жиынында қала әкімі Қайрат Шайжанов баяндады.
Айта кетейік, дендрологиялық жоспарға сәйкес, Жезқазғанда 112 418 жасыл желек бар және оның барлығы биоинсектицидтермен залалсыздандыруға жарамды. Қала тұрғындары тарапынан жиі келіп түскен өтінішке сәйкес, әлеуметтік сауалдарды ескере отырып Берік Әбдіғалиұлы қала әкіміне өсімдіктерді күтіп ұстау, баптау шараларын күшейтуді тапсырды.
Қ.Шайжановтың айтуынша, биыл қаладағы ағаштарға дезинсекциялау, яғни, зиянкестерден қорғау жұмыстарын жүргізу үшін «Газатор-защита хлебопродуктов» ЖШС-мен келісімшарт жасалды.
Қазір мердігер тарапынан төрт кезеңнен тұратын жұмыстың үшеу аяқталған. Соңғы кезеңнің жұмыстары 21 шілдеде басталды. Бүгінде аталған шаралар Жезқазғанның орамішілік аумағында жүргізіліп жатыр.
Бұдан бөлек, «ЖАН XXI» ЖШС тарапынан облыс орталығындағы жағалау аумағындағы жасыл желектерді залалсыздандыру жұмыстарын жасауда. Екінші кезеңнің жұмыстары биыл тамыз айында жүргізілмек.
Облыс басшысы залалсыздандыру жұмыстарын кезең-кезеңімен, уақытында жүргізіп отыруды тапсырды.