Жезқазғанда жаңа форматтағы гипермаркет ашылды

Наурыз мейрамының қарсаңында Жезқазған қаласында «Samadi Mart» гипермаркетінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Жаңа сауда нысанының ашылуына Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы қатысты.
Жаңа форматтағы гипермаркеттің жалпы ауданы 4 мың шаршы метрді құрайды. Оның ішінде сауда залының ауданы — 2400 шаршы метр. Ассортиментте 40 мың тауар позициясын қамту жоспарланған.
Жобаға салынған инвестиция көлемі шамамен 2 млрд теңге көлемінде. Сауда нысанының пайда болуы жүзге жуық жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді.