Жезқазғанда өрт сөндіру депосының құрылысына капсула салынды
Жезқазғанда өрт сөндіру депосының құрылысын бастауға арналған естелік капсула салу рәсімі өтті.
Салтанатты рәсімге Ұлытау облысының әкімі Б.Әбдіғалиұлы, Ұлытау облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Е.Байыров және «Қазбайлық Астана» ЖШС қызметкерлері қатысты.
Рәсім барысында өңір басшысы азаматтық қорғаныс нысанының маңыздылығын атап өтіп, ғимараттың жұмыс істеуі мен оның сыртқы келбеті жөнінде бірқатар ұсыныс берді.
Өз кезегінде «Қазбайлық Астана» ЖШС директоры С.Мырзатаев Жезқазғандағы өрт сөндіру депосы кешені құрылысының жобасымен таныстырды. Оның айтуынша, ол 4 автокөлікке арналған.
Оның аумағында қызметкерлерге арналған жатақхана, жеке құрамды жаттықтыруға арналған спорт алаңы мен оқу мұнарасын, сондай-ақ жанармай құю станциясын салу жоспарлануда. Нысанды пайдалануға беру — 2024 жылдың бірінші тоқсаны.