Жезқазғанда «Наурыз» қалалық саябағы жөнделеді

Жезқазғанда «Наурыз» саябағын абаттандыру жұмыстары басталды. Жақын арада шағын сәулет нысандары, жаңа ескерткіш және жүгіру жолы пайда болады.

Жоба бойынша саябақта бар нысандарды жаңарту, сондай-ақ ұлы ақын Абай Құнанбаевқа ескерткіш орнату, «Наурыз көже», «Домбыра», «Тайқазан» шағын сәулет нысандары және шам түріндегі төрт шағын сәулет нысандарын орнату қарастырылған.

Сондай-ақ, кіреберіс тобы (арка) жөнделіп, Аманжолов көшесінен Байқоңыров көшесіне дейін қырлы тас төселеді. Салауатты өмір салтын ұнататындар үшін саябақта заманауи жүгіру жолы болады.

Сонымен қатар, жұмыс көлеміне көшет отырғызу кіреді.

«Саябақты абаттандыру жұмыстары қала әкімі Қайрат Әбсаттаровтың бақылауында. Жақында ол саябақта болып, мердігерлермен шағын сәулет конструкцияларын жасау мерзімдері мен олардың сыртқы келбетін талқылады», – деп атап өтті Жезқазған әкімдігінің баспасөз қызметі.