Жезқазғанда марафоншы Сәрсенбай Қотырашовпен салтанатты кездесу өтті

Марафоншы Сәрсенбай Қотырашов 8 мың шақырымды жүріп өтті. 30 қыркүйекте біздің «ұлытауменіміз» Қазақстан қалалары бойынша бұрын — соңды болмаған жаяу сапарын Маңғыстау облысында аяқтады.
Марафоншы сапарының басты мақсаты — қасиетті Ұлытау жерінің тарихи-мәдени және рухани мұрасын насихаттау.
 Кездесу барысында облыс әкімі Б.Әбдіғалиұлының бастамасымен «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС Бас директоры Н.Нұриев зейнеткерге Жезқазған қаласынан екі бөлмелі пәтердің кілтін табыс етті. Естеріңізге сала кетейік, оның марафоны 31 наурызда Ұлытау ауданында басталған болатын.