Жезқазғанда Қазақстан халқының бірлігі күні аталып өтті

Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Ғ. Құсманғали мен қала басшысы Қ. Шайжанов халықты бүгінгі мерекемен құттықтап, ізгі тілектерін жолдады.

«Бүгінде Ұлытау облысында жиырмаға жуық түрлі этнос өкілі ымыра-бірлікте, тату тіршілік кешуде. Атап айтсақ облыста  халқының қазақтар, орыстар, украиндер, татар, неміс, беларус, корей, шешен, башқұрт, поляк, әзірбайжан, өзбек, тағы басқа этнос өкілдері облыс экономикасының түрлі салаларында жемісті еңбек етуде. Олардың тілек-мүддесі бір және жаңадан құрылған облысымыздың өркендеуі жолында атқарып жатқан еңбегі орасан.

Бір шаңырақ астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, қашан да ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін!
Баршаңызды айтулы мерекемен шын жүректен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасыларыңызға құт-береке, бақыт тілеймін!»
-деді Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Құсманғали.

Қаламыздың этно-мәдени орталықтары, жергілікті өнерпаздар,
арнайы шақырылған өнер жұлдыздары: Ибрагим Ескендір мен Mr. Kenjebek жанды дауыста өнер көрсетіп, жиналған қауымға әдемі көңіл күй сыйлады.

Арнайы көрме, жәрмеңке, спорттық жарыстар жоғары деңгейде өтіп, мерекені қыздыра түсті.