Жезқазғанда 400-ден астам адам сенбілікке қатысты
Жезқазғанда сенбілік өтті. Тазалық шарасына 400-ден астам адам қатысты. Сенбілікке 15 бірлік арнайы техника жұмылдырылып, полигонға 22 КамАЗ қоқыс шығарылды.
«Сенбілік экологиялық айлық аясында ұйымдастырылды. Аталмыш маңызды іс-шараға қала тұрғындары, «Жезқазғантүстімет» өндірістік кәсіпорындарының, «Қазақмыс» корпорациясының, «Транко» ЖШС, сондай-ақ электрмен жабдықтау, байланыс кәсіпорындары мен мекемелерінің қызметкерлері, қаланың Кәсіподақ және жастар ұйымдары қосылды», – деп атап өтті Жезқазған қаласының әкімдігінде.