Жезқазған қаласының спортшылары республикалық чемпионаттан жүлдемен оралды

Қостанай қаласында сәуір айының 17 — 21 аралығында бокстан 2009 — 2010 ж.т. қыздар арасындағы Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтті. Оған еліміздің барлық өңірінен спортшылар қатысты.


Чемпионатта үш бірдей жерлесіміз жүлделі орындарға ие болды.

Ғабитқызы Балым 46 келі
Жезқазған қаласының мамандандырылған олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдер мектебінің тәрбиеленушісі. Бапкер-жаттықтырушысы Сайдалин Айдар Жанибекович. №13 ЖОББМ оқушысы

Қыдырмолдаева Индира 55 келі
Қыдырмолдаева Индира Жезқазған қаласының мамандандырылған олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдер мектебінің тәрбиеленушісі. Бапкер-жаттықтырушысы Сайдалин Айдар Жанибекович. №1 ЖОББМ оқушысы

Ибрагим Толғанай 46 келі
Ибрагим Толғанай Жезқазған қаласының мамандандырылған олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдер мектебінің тәрбиеленушісі. Бапкер-жаттықтырушысы Дүйсенбаев Мади Жаксылыкович. №11 ЖОББМ оқушысы