ЖЕТІСТІКТЕРГЕ ЖЕТЕЛЕЙДІ Р

Ел Президентінің Жолдауы халқымыздың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға, шетелдік инвесторлардың жауапкершіліктерін арттыруға, адам өмірінің қауіпсіздігін қорғауға, қоғамдағы түйткілді мәселелерді дер кезінде шешуге, халықтың мүддесін жақсартуға бағытталған. Мемлекет басшысы кәмелетке толмағандарға жасалған зорлық-зомбылықтың кез-келген түріне қатысты жазаны күшейтуді талап етті. Бұл өз кезегінде жас ұрпақтың болашағын ойлау деп білемін.

«Бүгінгі жас ұрпақ – ертеңгі елдің болашағы. Атом электр станциясын салу немесе салмау мәселесі – бұл еліміздің болашағына қатысты аса маңызды мәселе. Сондықтан оны жалпыұлттық референдум арқылы шешкен жөн деп санаймын», – деді Мемлекет басшысы.

Референдум – азаматтық қоғамның беделі мен халыққа деген сенімнің көрсеткіші. Бұл өз кезегінде «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының форматы. Мемлекет басшысы халықтың көкейінде жүрген мәселелерді көтеріп, оларды шешу бойынша нақты тапсырмалар берді.

Жолдауда айтылған мәселелердің Әділетті Қазақстанды құруда рөлі жоғары. Сол себепті де жаңа бастамалар қоғам мүшелерінің тарапынан қолдауға ие болып, қолға алынған жобалар мен міндеттерді барынша белсенділікпен орындауға атсалысу маңызды мәселе.

Мейрамгүл САЯЖАН.