Жемісті еңбекке – лайықты марапат
Аудандық мәслихат залында аудан әкімінің міндетін атқарушы Мақсұт ОСПАНОВТЫҢ төрағалығымен «Қазақстан кәсіподақтар күні» аясында іс-шара өтті. Оған аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Жандарбек ӘЛІМБЕКОВ, аудан әкімі аппаратының басшысы Ержан ДӘУІТБАЕВ, аудандық мәслихат аппаратының басшысы Мақсат ӘБДІКӘРІМОВ қатысты.
Іс-шара барысында «Қарағанды облысы ауыл шаруашылығы қайта өңдеу ұйымдары және мемлекеттік мекемелер қызметкерлері жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Ұлытау ауданы бойынша өкілдігінің төрағасы Шаяхмет Үмбетов аталған ұйымның кәсіподақ жұмыстары туралы баяндады. Бұдан кейін Мақсұт Сәрсембайұлы ауданның кәсіподақ мүшелерін мерекелерімен құттықтап, бірқатар азаматтарды марапаттады. Атап айтар болсақ, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Марат Оразалинге ІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкері Жангүл Өмірбаеваға, Жезді кенті әкімі аппаратының бас маманы Қайрат Әлсейітке ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісін тақты.
Жасұлан АЯШЕВ