Жемқорлық — індет, жою — міндет

Қарағанды облысы білім басқармасы «Ұлытау ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №986 Жарлығымен бекітілген 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру мақсатында тұрақты түрде жұмыстар жүргізіліп келеді. Стратегияны басшылыққа алып барлық білім беру ұйымдарында мектепішілік іс-шара жоспарлары құрылып жұмыстар атқарылуда.

Сыбайлас жемқорлық-заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Стратегияның басты мақсаты мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тиімділігін арттыру болып табылады.

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен қызмет атқаратын лауазымды тұлғалар жүргізуде.

Білім бөліміне қарасты мектепке дейінгі және жалпы білім беретін ұйымдарының басшылары, кадр ұжымы және де өзге де қызметтерін тарта отырып, заң талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге міндетті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қылмыстар және де осы тұрғыдағы құқық бұзушылықтарға бой алдыруының себебі көп. Осы бағыттағы тиісті шара қолданудың негізіол азаматтардың арыз-шағымы. Мемлекетіміздің әрбір азаматы Қазақстан Республикасының Конституциясын және Заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті.

Осыған орайда мектебімізде сыбайлас жемқорлыққа байланысты әрекеттерінің алдын алу шаралары бойынша 5-11 сыныптар арасында тәрбие сағаттары өткізіледі. Бұл келешек ұрпақтың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру үшін мемлекеттік заңнамаларды жақсы білуге әр адамның өз іс-әрекетіне деген сенімдігін күшейту болып табылады.

Бағдат ӘБДІРАЙЫМОВ,

Ұлытау ауданы білім бөлімінің басшысы.