Жемқорлыққа жол бермеу – басты мақсат

Сыбайлас жемқорлықпен күресте көп нәрсе бүкіл қоғамның белсене атсалысуына байланысты. Әлеуметтік желінің, өзге де медиа – ресурстардың дамуы жағдайында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс –әрекет барысында оны жалпы жұртшылықтың жек көруі сыбайлас жемқорлықпен күрестің қуатты құралына айналуға тиіс.

«Сыбайлас жемқорлық қоғамға, мемлекеттің конституциялық негізіне қауіп төндіреді, сондықтан онымен күрес жүргізу – жалпы ұлттық міндет». Сыбайлас жемқорлық мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін едәуір төмендететіні, қоғамда демократиялық қайта құруларды жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіретіні белгілі. Ең бастысы – адамдардың, қоғамның демократиялық негізіне деген сеніміне, түптеп келгенде билікке деген сеніміне кері әсер ететіні хақ.

Жемқорлықпен айналысатын адам өзіне міндеттелген қызметті дұрыс орындамай, оны жеке басының табысы үшін пайдаланады. Қоғамның дамуын тежеп, оны арам дүние табуға жұмсайды. Мемлекеттік қызмет мүддесіне қарсы қылмыстар осы сыбайлас жемқорлықпен жасалатын қылмыстың ең қауіпті түрі.

Қоғамдық істер мен қоғамдық мүлікті басқару принципін, заң алдында барлығының тең, жауапты екенін, әділеттіліктің болу керегін, тазалық пен сатылмайтындықты қамтамасыз ету қажет

«ҚР АШМ АӨК МИК Ұлытау аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі