Жемқорлыққа қарсы күрес – әр азаматтың міндеті

Еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі мақсатының бірі — мемлекеттік қызмет сапасын арттыру және кез-келген ықтимал (мүмкін болатын) сыбайлас жемқорлық көріністерін толық болдырмау (толығымен жою) болып табылады.

Қазіргі таңда ҚР Қорғаныс министрлігі тарапынан жедел өзгертулер мен толықтырулар енгізілетін жергілікті әскери басқару және басқару органдарының тиімді жұмыс істеуі үшін заңнамалық және ведомстволық деңгейдегі барлық қажетті стандарттарды әзірленген.

Ағымдағы жылдың алғашқы тоқсанын қорытындылау мақсатында Ұлытау ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен, атап айтқанда Қарағанды өңірлік гарнизоны Әскери полиция басқармасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлімінің бастығы әділет подполковнигі Ж.Қайдарұлының қатысуымен жеке құрам арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Түсіндіру жұмыстары барысында ҚР Мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этикасы ережелері), «сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының талаптары түсіндіріліп, ҚР Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарда, оның ішінде жергілікті әскери басқару органдарда орын алған сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы сөз қозғалды, жемқорлыққа жол бермеу және алдын алу шаралары талқыланды.

Сыбайлас жемқорлықтың көрінісі, әдетте, қызметті алушы өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде қызметті берушімен тікелей байланыста болған жағдайда туындайды. Осы ретте, ҚР Қорғаныс министрлігі сыбайлас жемқорлықтың таралуына ықпал ететін себептерді анықтау және жою жөніндегі мемлекеттік функциялар тетіктеріне егжей-тегжейлі талдау жүргізіп, 2020 жылғы қараша айынан бастап жергілікті әскери басқару органдары тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізбесін толықтырды. Атап айтсақ, шақыруды кейінге қалдыруды ескерту, азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату ашық түрде «eGov порталы» арқылы көрсетілетін болады.

2020 жылдың қорытындысы бойынша Ұлытау ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде жемқорлық пен қылмыстық фактілерге жол берілмегенін атап өтеміз.

Барлық туындаған сұрақтар бойынша Ұлытау ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне 8(71035) 2-14-71, 2-16-01 және Қарағанды өңірлік гарнизоны Әскери полиция басқармасы 8(7212) 42-20-75 байланыс нөмірлері арқылы хабарласуларыңызды сұраймыз.

Ұлытау ауданының

Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі.