Жеңіс Қасымбек Шеңбер және Амангелді ауылдық округтеріндегі жағдай туралы баяндады

«10:00-де Шеңбер ауылдық округінде болдым. Мұнда дала өртінің тағы бір ошағы тіркелді. Өрт Қостанай облысы жағынан келді. Оқиға орнында өрт сөндірушілер және орман шаруашылығының қызметкерлері жұмыс істеуде. Елді-мекенге төніп тұрған қауіп жоқ.

Сондай-ақ әуеге көтеріліп, Амангелді ауылдық округіндегі жағдаймен таныстым. Мұнда түнде өрт орын алған болатын. Қазір өрт ошағы толықтай сөндірілді.

Ұлытау ауданы бойынша барлығы 6 өрт ошағы бақылауға алынған. Оның ішінде төрт дала өрті және екі өрт ошағы бар. Сәтбаев қаласы маңындағы өрт ошағы сөндірілді. Ал Борсеңгір ауылының маңындағы өрт ошағын өшіру жұмыстары аяқталу сатысында.

Қауіпті учаскелерді жою үшін қажетті күштер мен құралдар жеткілікті. Жезқазған және Сәтбаев қалаларынан әкімдіктер 20 тонна көлемінде ЖЖМ мен азық-түлік жеткізуді ұйымдастырды».

www.facebook.com