Жазықсыз құрбандарға –құрмет
Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күнінде ұлытаулықтар аудан орталығындағы «Бес арыс» саябағына жиналып, жазықсыз жапа шеккендердің рухына тағзым етті.
Әуелі саябаққа жиналған қауым алдын аудан әкімінің орынбасары Алмат Сакипов пен еңбек ардагері Ахметжан Жанұзақов бастап, «Тағзым тақта» алдына гүл шоқтарын қойды. Содан кейін бір минут үнсіздік жарияланып, ұлытаулықтар аштық, репрессия жылдарындағы адам төзгісіз ауыртпалықтар мен ұлт басына төнген қасіретті жылдарды еске алды.
Сауапты шарада қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының рухына Ұлытау ауданының бас имамы Жанболат Рақымбердиев дұға бағыштап, құран аятымен нұрландырды.
Қаралы күнге аса мән берген жұртшылық «мұндай зұлматты өскелең ұрпағымыз көрмесе екен» деп жиынды түйіндеді.
Қайрат ЖҰМАБАЙ.