«ЖАСЫЛ ЕЛ» ЖАСАҒЫ ЖАРАП ТҰР

Ұлытау ауданы бойынша «Жасыл ел» еңбек жасағының маусымдық жұмысы 2024 жылдың 3 маусымынан басталды. Аудан көлемінде ауыл-кент округтері бойынша сарбаздар 3 маусым бойы абаттандыру және ауыл ішіне тазалық жұмыстарын жүргізумен айналысады.

Аталған іс-шара жастар арасында патриотизмді қалыптастыру мен нығайтуға, олардың туған жеріне деген сүйіспеншілік идеясын қалыптастыруға және жастардың әлеуметтік пайдалы жұмысқа деген оң көзқарасына бағытталған.

Ұлытау ауданы әкімінің баспасөз қызметі.