«Жастар – жастарға» керуені — Ұлытауда
Еліміздің келешекте өркендеп дамуына бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды ыждаһаттылықпен жүзеге асыру – Ұлытау аудандық архивінің жұмыс жоспарындағы басты міндеттерінің бірі. Архивтің ел өмірінде алатын орны ерекше екенін соңғы жылдары осы бағытта ұйымдастырылған іс-шаралардан байқауға болады.
Жуырда аудан жастарын мемлекеттік бағдарламалар мен жобалардың тиімділігі туралы тереңірек хабардар ету және жастар саясатына қатысты өзге де өзекті мәселелер бойынша кеңес беру мақсатында облыстық «Жастар – жастарға» ақпараттық-насихат керуені Ұлытауға келіп, жас буын өкілдерімен жүздесті.
Керуен құрамындағы ресми тұлғалар мен белсенділер жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар, тұрғын үй мәселесі, жастардың бос уақытын тиімді пайдалану ерекшеліктері және жаңа жобаларды іске асыру мүмкіндіктері жөнінде кең сипатты мәліметтер берді.
Кездесу барысында облыстық делегация мүшелері Шахмарал Кабулова, Елена Носырева, Дәурен Рахымбек, Мұрагер Әбіләсімов, Салтанат Түлегенова күн тәртібіндегі мәселелерге орайлас, тартымды әңгіме қозғады. Олар жеке кәсіпкерлікпен шұғылдануға, тұрғын үйге қол жеткізуге, сапалы білім алуға қатысты жастар тарапынан туындаған алуан түрлі сауалдарға тұщымды жауаптар берді.
Жүздесуде меймандар мен аудан жастарының өкілдері өзара еркін форматта пікір алмасты.
Жасұлан АЯШЕВ