Жастар баспаналы болады жыл соңына дейін 40 жас қоныс тойын тойлайды
Ұлытау облысын əлеуметтікэкономикалық дамытудың кешенді жоспары аясында облыс əкімдігі мен «Отбасы банк» АҚ жүзеге асырып жатқан «ULYTAU ZHASTARY» жеңілдетілген несие бағдарламасына қатысушылардың несие өтінімдері мақұлдануда.
Ресми ақпараттарға қарағанда, бағдарламаға қатысушылардың алғашқы легінде жоғары ұпай жинаған 20 жас маман Ұлытау облысы қоғамдық даму басқармасынан жолдама алып, қазіргі таңда олардың 15-інің қабілеттілігі расталып, несие мақұлданды.
Орайы келгенде айта кетсек, аталған бағдарламамен үй алуға барлығы 75 өтінім түскен. Өтінімдерді депутаттар мен қоғам белсенділерінен тұратын арнайы комиссия қарап, бағдарлама талаптарына сай келетін 69 өтінім іріктеп алынды. Олардың арасында отбасылы жас мамандарға, сондай-ақ, əлеуметтік осал санаттағы үміткерлерге баса назар аударылған. Несие жылдық пайыздық мөлшерлемесі – 5 пайыз, мерзімі – 20 жылға дейін жəне 10 пайыздық бастапқы жарнаның болу шарты негізінде беріледі. Аталған бағдарлама арқылы жыл соңына дейін 40-тан астам жас баспаналы болады деп күтілуде.
Еске сала кетсек, биыл жастарға «Отбасы банк» АҚ арқылы жеңілдетілген несие беру туралы шешім қабылданған болатын. Бұған облыстық бюджеттен – 500 млн. теңге қарастырылды. Ал «Отбасы банкі» АҚ қосымша 250 млн. теңге бөлді.
Биыл бағдарлама аясында мұғалімдер, дəрігерлер, журналистер, мəдениет жəне спорт, əлеуметтік сала қызметкерлері, жоғары оқу орындары оқытушылары мен ғылыми қызметкерлер қамтылып отыр.
Ізбасар ОЙБАС.