Жастар арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы байқау
Жастар арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы
«ДЕНСАУЛЫҚ САТЫЛМАЙДЫ» / «ЗДОРОВЬЕ НЕ ПРОДАЕТСЯ»
әлеуметтік бейнероликтер байқауын өткізу
ЕРЕЖЕCІ
I. Жалпы ережелер
1.1. «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Ұлытау облысы бойынша департаменті «Ұлытау жастары» ҚБ бірлесе отырып, Ұлытау облысы әкімдігінің қолдауымен «ДЕНСАУЛЫҚ САТЫЛМАЙДЫ» / «ЗДОРОВЬЕ НЕ ПРОДАЕТСЯ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыбында республикалық жастар арасындағы әлеуметтік бейнероликтер байқауын ұйымдастырады.
1.2. Осы Қағидалар (бұдан әрі – қағидалар) сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы әлеуметтік бейнероликтердің республикалық жастар байқауын (бұдан әрі- Байқау) өткізу тәртібін, қатысу шарттарын, финалистерді (жеңімпаздар мен жүлдегерлерді) бағалау және айқындау өлшемшарттарын айқындайды.
1.3. Байқауға 14 жастан 35 жасқа дейінгі Қазақстан Республикасының азаматтары – жеке авторлар немесе шығармашылық ұжымдар қатыса алады.
1.4. Байқау Номинациялары:
• «Үздік әлеуметтік бейне»
• «Ең креативті идея»
• «Үздік әлеуметтік хабарлама»
1.5. Байқау тақырыбы: «ДЕНСАУЛЫҚ САТЫЛМАЙДЫ» / «ЗДОРОВЬЕ НЕ ПРОДАЕТСЯ»
1.6. Байқау жұмыстар (бейнероликтер) қазақ және орыс тілдерінде электрондық пошта арқылы қабылданады: ulytau_zhastary@mail.ru
1.7. Байқау жұмыстарды қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 01 маусымнан 20 маусымға дейін
II. Байқау мақсаттары мен міндеттері
Мақсаты:
• Жастардың назарын сыбайлас жемқорлық проблемаларына аудару
• Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әлеуметтік жарнамадағы шығармашылық бастамаларды қолдау
• Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және мемлекеттік органдарға сенімді қалыптастыру
• Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық схемаларын және оның салдарын көрсету және айту
Міндеттері:
• Құқықтық ағарту
• Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру
• Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте қоғам мен биліктің өзара іс-қимылын қолдау
III. Қатысушыларды тіркеу және техникалық талаптар
3.1. Жұмыстар келесі электронды поштаға жіберіледі ulytau_zhastary@mail.ru
Қатысушы жұмыстың авторы немесе тең авторы болуы керек.
18 жасқа дейінгі бейнедегі қатысушылар жұмысты жеке немесе заңды өкілдер арқылы бере алады.
3.2. Формат:
• mp4
• Рұқсат етілетін өлшем: 1920 х 1080р аспайды
• Файл өлшемі: 300 МБ-тан аспайды
• Ұзақтығы: 150 секундтан аспайды
• Дыбыс: 16 бит, стерео
3.3. Бейне түрлері:
• Ойын ролигі (актерлік ойын)
• Мультимедиялық (анимация, графика, эффекттер)
3.4. Міндетті түрде көрсетіңіз:
• Бейне атауы
• Қазақ және орыс тілдеріндегі субтитрлер
• Автордың аты — жөні, жасы немесе шығармашылық ұжымның атауы
3.5. Конкурстық жұмыстарда мыналар болмауы тиіс:
• ҚР заңдарын бұзу
• Мемлекеттік және құқық қорғау органдарының беделін түсіру
• Экстремизм, радикализм, зорлық-зомбылық, қан, қатыгездік көріністері
• ЛГБТ, есірткі, алкоголь, темекіні насихаттау
• Діни рәміздер, сенімдерді сынау немесе насихаттау
• Фашистік символизм (свастиканы қоса)
• Қорлау, кемсітушілік, балағат сөздер
• Рұқсатсыз брендтер, логотиптер, компаниялар туралы айту
• Авторлық құқықсыз басқа адамдардың материалдарын пайдалану
• Жасанды интеллект жасаған мазмұн
• Қайта немесе ескі жұмыстар
• Фонда сыртқы нысандары бар фотосуреттер
Кез келген тармақты бұзу жұмысқа жіберілмеуге әкеледі.
3.6. Жұмыстар қайтарылмайды және рецензияланбайды.
3.7. Үздік бейнелер ресми сайтта 2025 жылдың 1 шілдесіне дейін жарияланады.
IV. Байқау кезеңдері мен бағалау
4.1. Бағалау критерийлері:
• Тақырыпқа сәйкестік
• Шығармашылық
• Техникалық сапа
• Тереңдік және дәлел
• Тіл және стиль
• Әрі қарай пайдалану мүмкіндігі
4.2. 25 маусымға дейін конкурстық комиссия ұйымдастырушыға финалистердің 3 Үздік жұмысы мен деректерін жібереді.
4.3. Финал: 5 балдық шкала бойынша қазылар алқасының ұпайы (онлайн / офлайн). Ең жоғары орташа бал жинаған жұмыс жеңіске жетеді.
V. Қазылар алқасы және конкурстық комиссия
5.1. Конкурстық комиссияны ұйымдастырушы қалыптастырады. Құрамына мыналар кіруі мүмкін:
• Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша уәкілетті орган өкілдері;
• Жергілікті атқарушы орган өкілдері;
• Қоғамдық ұйымдар;
• ЖОО оқытушылары (Өнер, мәдениет);
• Әлеуметтік жарнама бойынша сарапшылар.
VI. Марапаттау
6.1. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдар мен сыйлықтармен марапатталады.
6.2. Конкурстың жалпы жүлде қоры 500 000 (бес жүз мың) тенге:
• «Үздік әлеуметтік бейнеролик» (бас жүлде) — 200 000 тг (сауда үйіне сертификат)
• «Ең креативті идея» — 150 000 тг (сауда үйіне сертификат)
• «Үздік әлеуметтік хабарлама» — 100 000 тг (сауда үйіне сертификат)
• «Жеңіске деген ерік үшін» — 50 000 тг (сауда үйіне сертификат)
VII. Құқықтық ережелер
7.1. Конкурсқа жұмысты ұсына отырып, әрбір қатысушы конкурстық жұмыстың құқық иесі болып табылатынына кепілдік береді және үшінші тұлғалардың зияткерлік құқықтарын бұзбайтынын растайды.
Жұмыста үшінші тұлғалардың зияткерлік құқықтары объектілері пайдаланылған жағдайда қатысушы авторды көрсетуге және қатысушының осындай зияткерлік құқықтарды пайдалану құқығының бар екендігін Растауды ұсынуға міндетті.
Үшінші тұлғалардың зияткерлік құқықтарын бұзғаны үшін конкурсқа қатысушылар қолданыстағы заңнамада көзделген жауаптылықта болады.
7.2. Ұйымдастырушы, өзге де құзыретті органдар үшінші тұлғалардың зияткерлік құқықтарын бұза отырып, Конкурсқа қатысушылар дайындаған конкурстық жұмыстарды пайдаланғаны үшін жауапты болмайды.
7.3. Конкурсқа қатысушы Тапсырыс берушіге, өзге де құзыретті органдарға конкурстық жұмыстарға қажетті өзгерістер енгізуге, конкурстық жұмыстарды түсініктемелермен және түсіндірмелермен жабдықтауға; конкурстық жұмыстарды, оның ішінде олардың авторлары туралы ақпаратты көрсетпей пайдалануға рұқсат береді.
7.4. Тапсырыс беруші, өзге де құзыретті органдар конкурстық жұмыстарды (оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әлеуметтік жарнама ретінде) мынадай нысандарда пайдалануға құқылы: интернет-платформаларда, бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде, көрмелер, форумдар және басқа да іс-шаралар шеңберінде орналастыруға пайдалануға құқылы. Ұйымдастырушы, өзге де құзыретті органдар конкурстық жұмыстарды пайдалану туралы есептерді ұсынуға міндетті емес.
Анықтама үшін телефон: +7 747 249 1335