ЖАСАМПАЗДЫҚҚА ЖЕТЕЛЕЙТІН ТАРИХИ ЖОЛДАУ БОЛДЫ

Бұл Жолдау – елімізде кезең-кезеңімен жүргізіліп жатқан ауқымды əрі маңызды реформалардың жалғасы. Жалпы, соңғы бес жылдағы Президент Жолдаулары бір-бірімен біте қайнасып жатыр. Өткен жылы бастау алған саяси жаңғыру жұмыстары үлкен экономикалық өзгерістерге ұласты.

Бұл Жолдаудың жөні бөлек. Себебі Президент осы Жолдауында елдегі экономикалық, əлеуметтік дамудың таяу жылдардағы эволюциясын айқындап берді. Ол заңды да. Өйткені халықтың тұрмыс сапасы, берекелі өмір сүруі – экономиканың дамуымен тікелей байланысты. Мемлекет басшысының Жолдауы осы саладағы күн тəртібінде тұрған, халық, қоғам күткен өткір мəселелердің шешімін тап басады.

Əлемдегі геосаяси ахуалға қарамастан Қазақстан экономикасы тұрақты дамып келеді. Негізгі бағыттар бойынша оң көрсеткіштерге қол жеткіздік. Алайда жаһандық экономика өзгеріп жатыр. «Түбегейлі өзгерістер дəуірі басталды», – деді Президент.

Осындай сын-қатерлерге қалай төтеп бере аламыз, технологиялық бəсекеге дайынбыз ба, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, орнықты даму сияқты өзекті мəселе көп. Қасым-Жомарт Кемелұлы бүгін осы жəне жұртшылықты алаңдатқан өзге де сұрақтардың бəрі не нақты жауап берді.

Ең бастысы, осынау маңызды кезеңде үлкен экономикалық серпіліс жасауға мемлекетімізде толық мүмкіндік бар. Ресурс та жеткілікті. Экономика дегеніміз – ең əуелі тұрақты жұмыс, лайықты табыс. Халыққа керегі де осы. Бұл орайда, əділдік, инклюзивтік жəне үнемшілдік жаңа экономикалық бағдарымыздың өзегіне айналады. Мұны Мемлекет басшысы дөп басып айтты.

Мағзұмбек МАШАЙЫҚҰЛЫ,
Қазақстанның Құрметті журналисі.