Жас қарағандылықтар батуттық гимнастикадан ҚР чемпионатында 27 медаль жеңіп алды

 

Қарағанды гимнастика мектебінің тәрбиеленушілері жастар мен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионатында қоржындарын бірнеше медальдармен толтырды. Жарысқа еліміздің тоғыз өңірінен спортшылар қатысты. Барлығы 200-ден астам батутшылар бақ сынасты.

— Біріншілік Алматыда өтті. Біз, әрине, қарқынды дайындалдық, бірақ шынымды айтсам, мұндай нәтижені, әсіресе жас спортшылардан күткен жоқпыз, — деп атап өтті батуттық гимнастика бойынша облыстың аға жаттықтырушысы Сергей Вертянкин.

Чемпионаттың әр түрінен қарағандылық спортшылар 12-21 жас аралығында 27 медаль жеңіп алды. Оның ішінде тоғызы алтын.

Естеріңізге сала кетейік, қарағандылық Данил Мұсабаевтың Токиода өтетін Олимпиадаға лицензия алуға барлық мүмкіндігі бар. Өткен жылы спортшы Әлем кубогы кезеңінің қола жүлдегері атанды.

— Қазір ол жиындарда. Сәуір айында Қазақстан чемпионаты, ал маусым айының басында әлем кубогы өтеді, онда Данил жақсы өнер көрсетеді деп үміттенеміз, — деді Сергей Вертянкин. — Қазір халықаралық рейтингте ол 16-шы орында.

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ақпараты бойынша