Жарқын болашаққа – жаңа саяси өзгерістермен

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ 2023 жылдың 1 қыркүйегінде Парламент палаталарының бірлескен отырысында халыққа өз жолдауын жасады. Ел Президентінің Жолдауы халқымыздың əлеуметтікэкономикалық жағдайын жақсартуға, шетелдік инвесторлардың жауапкершілігін арттыруға, адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, қоғамдағы өзекті мəселелерді дер кезінде шешуге, халықтың мүддесін жақсартуға бағытталған.

Президент экономиканың құрылымына қатысты реформаның негізгі тұстарының бірі ретінде – еліміздің мықты өнеркəсіптік негізін қалыптастыру жəне экономикамыз өзімізді толық қамтамасыз ете алатын жағдайға жету екенін айтып өтті. Осы жолда экономиканы əртараптандырудың маңызына тоқталды. Тек өнеркəсіп саласы мен ірі кəсіпорындар ғана емес, сонымен қатар еліміздің туристік əлеуетін пайдалану қажеттігі айтылды. Бұған қоса ауылшаруашылығы мен егін шаруашылығын түрлендіру, азық-түлік тапшылығын жою мəселесі қозғалды.
«Үкімет жаңа инфрақұрылымдық жоспарда осы саладағы барлық түйткілді ашық көрсетіп, оны шешу жолдарын анықтауға тиіс», — деді ел басшысы. Бұл тарапта энергетикалық қауіпсіздік мəселесін де шешу қажет. «Жасыл» экономиканы дамыту мəселесін үкіметке мықтап тапсырды.
Еліміздің нарығында белсенді жұмыс істеп жатқан табысты орта кəсіпорындар көп емес екені рас. Қасым-Жомарт Тоқаев осы орта кəсіпорындарға қолдау көрсету қажеттігін ескертті. Мұндай кəсіпорындардың əрқайсысына қатысты нақты жоспар əзірлеп, олардың өндіріс қабілетін арттырып, өнім көлемін екі-үш есе көбейту міндетін жүктеді. Осы мəселе бойынша «Бизнестің жол картасы» жəне «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламаларын біріктіріп, бұны шағын жəне орта кəсіпкерлікті қолдайтын кешенді бағдарламаға айналдыру керек деген ұсыныс айтылды.
Ел басшысының Жолдауындағы өте маңызды мəселелердің бірі – азаматтардың мүддесі мен сұранысы. Бұл – Қазақстанның экономикалық даму стратегиясының өзегі. Адамның қажеттілігі əрдайым басты назарда болатыны айтылған. «Мен Мемлекет басшысы ретінде кəмелетке толмағандарға жасалған зорлық-зомбылықтың кез-келген түріне қатысты жазаны күшейтуді талап етемін», — деді Президент өз Жолдауында. Жас ұрпақтың қауіпсіз əрі алаңсыз өмір сүруін қамтамасыз етудің маңызына баса назар аударды: «Жол, ғимарат, киім-кешек, азық-түлік, яғни барлығы балалар үшін қауіпсіз болуы керек. Сондай-ақ өскелең ұрпақтың психикалық саулығы – өте маңызды мəселе».
Келесі айта кететін жайт, азаматтардың табысын арттыру үшін келер жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшері 85 мың теңге болып бекітілді. Бұл – Жолдауда Президент айтқан көп тапсырманың бірі. Яғни, еңбекақының төменгі мөлшерін көбейту арқылы 1 миллион 800 мың адам, ал бюджет саласында қызмет істейтін 350 мың азаматтың əл-ауқаты артпақ.
Ел басшысы өз Жолдауында қозғаған келелі мəселелер мен оларды шешу жолындағы нақты қадамдар өз жемісін береді деген сенімдеміз. Себебі еліміздің экономикасы мен саясатына енгізілмек боп жатқан саяси өзгерістер біздің жарқын болашағымызға жасаған қадамдарымыздың бірі деп білемін.

Қалижан БІРАЯҚОВ,
№14 Алғабас жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалімі.