Жақсыдан — шарапат
Бүгінгі күні республика көлемінде «Мектепке жол» акциясы өтуде. Бұл акцияның мақсаты – әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасындағы балаларға, сондай-ақ, көпбалалы отбасыларына және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсету.
Аталмыш акция аясында «Қазақтүрікмұнай» ЖШС компаниясының қызметкері, жерлесіміз Азамат Хапиз №9 Терісаққан орта мектебіндегі 1-сыныптың тоғыз бүлдіршініне оқуға қажетті құрал-жабдықтар табыс етті.
Балаларға қамқорлық көрсеткен жанашыр жанға ауыл халқы ризашылығын білдіруде. Осындай азаматтар ел арасында көп болса, нұр үстіне нұр болар еді.
Жанар ӘДІЛБЕКОВА,
№9 Терісаққан мектебінің әлеуметтік педагогы.