Жаңашылдыққа бастайтын жол
Елімізде 5 маусымда болатын ең маңызды саяси іс-шара – республикалық референдумға қызу дайындық жүріп жатыр. 27 жылдан кейін қолға алынып отырған осынау саяси іс-шараны жүзеге асыру жолында түсіндірме жұмыстарын жүргізуге барша қоғам белсенділері белсене қатысып, алқалы жиындар өткізуде.
Осындай басқосу сəрсенбі күні Ұлытау Сапар орталығында болып өтті. Онда «Ұлытау» ұлттық тарихи-мəдени жəне табиғи музей-қорығының қызметкерлері елімізде өткізілетін референдумға байланысты келелі кеңестер айтылып, пайымды ойлар қозғалды. Жиынды музей директорының орынбасары Аман-Серік Есенғали ашып, мұндай саяси іс-шараға алғаш рет қатысқалы тұрған музейдің жас қызметкерлеріне референдумның өту барысын қысқаша түсіндіріп өтті.
– Құрметті əріптестер! Сіздерді 2022 жылдың 5 маусымда өтетін референдумға бір кісідей қатысуға шақырамын. Еліміздің болашағы үшін əрбір дауыс өте маңызды. Мемлекет басшысы үлкен өзгерістердің бастамашысы болып, сол өзгерісті өзінен бастады. Ол өзінің өкілеттігін шектей отырып, билікті халыққа беріп отыр. Бұған əр қазақстандық қолдау көрсетуі керек, – деді өз кезегінде сөз алған музей директоры Нұрлан Қасымбеков.
Жиында сондай-ақ, музейдің əкімшілік шаруашылық бөлімінің басшысы Қуантай Жабағин мен экскурсиялық қызмет көрсету бөлімінің басшысы Гүлсұлу Балдуова өз ой-пікірлерімен бөлісіп, елімізде өткізілетін референдумды қолдайтындықтарын жеткізді.
«Ұлытау» ұлттық тарихи-мəдени жəне табиғи музей-қорығының баспасөз қызметі.