Жаңаша сипат алды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында көктем мерекесі – Наурыз мейрамының мазмұнын байыта түсетін тұжырымдама жасауды ұсынған болатын. Осыған орай, арнайы жоба жасалынды. Онда Наурыз мейрамын тойлауға байланысты іс-шараларды 14-24 наурыз аралығында 10 күн бойына өткізу жоспарланған.

Сөйтіп, биылдан бастап Қазақстанда Наурыз мейрамы жаңаша тойланатын болды.«Мейрам кезінде ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында халық жаппай ұлттық киімдерімізді киіп, төл ойындарымызды ұйымдастырып, көпшілік орындарда (сауда орталықтары, вокзал, әуежай, қонақүй, тағы басқалары) ұлттық музыка ойнатылуын қамтамасыз ету, салт-дәстүрлерімізді жаңғыртып, жас ұрпаққа Ұлыстың Ұлы күнінің маңызы жөнінде өсиет, өнеге айтуы маңызды», – деп жазылған әз Наурызды тойлауға арналған тұжырымдамада.

Сонымен, жаңаша сипаттағы Жаңғыру мейрамы елімізде 10 күн мынадай тақырыптармен аталып өтпек:

14 наурыз – «Көрісу күні».

15 наурыз – «Жайлау күні».

16 наурыз – «Шежіре күні».

17 наурыз – «Тарихқа тағзым күні».

18 наурыз – «Игі істер күні»

19 наурыз – «Шымырлық пен шеберлік күні».

20 наурыз – «Зияткерлік күні».

21 наурыз – «Ұлттық тағамдар күні».

22 наурыз – «Ұлыстың Ұлы күні».

23 наурыз – «Жоралғы күні»

P.S. Орайы келгенде айта кетейік, қазақстандықтар бұл мейрамда бес күн – 20-24 наурыз аралығында демалады. Наурыз мейрамының алғашқы күні жексенбіге сәйкес келгендіктен, демалыс күні сәрсенбі 24 наурызға ауыстырылды.