Жаңа жобаның қоғамдағы рөлі

Жоғарғы соттың бастамасымен «Отбасылық сот» жұмыс жасай бастады. Аталған сотты енгізудің мақсаты – отбасы құқығын қорғау, кəмелеттік жасқа толмағандардың атаанасының келісімінде өмір сүруіне, олардың тұлға ретінде қалыптасуына жəрдем ету. Осы орайда, бүгінгі күні республиканың əрбір өңірінде соттар анықталған, олар отбасы-неке қатынастары саласындағы дауларды қарау тұрғысынан мүлдем басқа көзқарастағы бағыт ұстанып отыр.

Мəселен, сот дауды сотқа дейінгі реттеу арқылы шешу жолымен шектелмейді. Сонымен бірге отбасылық қатынастарды сауықтыру, жалпы отбасын сақтап қалу жəне даужанжалдан арылмай жүрген ерлі-зайыптыларды татуластыру жөнінде шаралар қолданады. Бұл үшін соттарда татуластыру рəсімдерін өткізу жөнінде арнайы кабинеттер ашылған.
Мұндай отбасылық кабинеттерде білікті психолог мамандар дау-жанжалға қатысушылармен əңгімелер өткізеді, дауды сот тəртібімен шешудің балалар үшін əкеп соғатын психологиялық салдарын түсіндіреді. Бүгінгі күні аталмыш шара тиімділігін көрсетіп отыр.
Мұнымен қатар, кəмелетке толмағандарды міндетті тəрбиелеу бойынша бірлескен бағдарламалар енгізіп, отбасын сақтап қалу мақсатында бастапқы психологиялық көмек көрсетіп, отбасылық құндылықтарды насихаттап, қажетті іс-шаралар өткізіп, кəмелетке толмағандардың мінез-құлқын түзеу мəселелері бойынша бірлескен əлеуметтік бағдарламалар əзірленуде.
Жалпы «Отбасылық сот» жобасы қоғамдағы орын алған қылмыстардың алдын алуға белгілі бір дəрежеде өзінің оң ықпалын тигізері анық. Бүгінгі таңда ажырасу мен некесіз туылатын балалар санының көбейгендігі, əрбір үшінші отбасының шаңырағы шайқалып жатқандығы, отбасылық зорлық — зомбылық оқиғаларының жиілеуі мамандарды алаңдатып отыр. «Отбасылық сот» аталған мəселелердің оңды шешілуіне ықпал ететіндігі анық.
Өткен жылы қолға алынған «Отбасылық сот» отбасылардың не себеппен араздасатынын, оның шешу жолдарын қарауға арналған. Олар отбасылық істермен айналысады. Сондай-ақ, бұл істерге психологтар да тартылған. Əрбір жұппен сөйлесеміз, жанжал себебін анықтаймыз. Қаншалықты жағдайдың қиын екенін білеміз де, одан шығу жолдарын түсіндіреміз. Отбасын аман алып қалу үшін психологтар мен медиаторлар өздерінің үлестерін қосуда. Қазақстанда Жоғарғы соттың бастамасымен «Отбасылық сот» жұмыс жасай бастады.
Аталған сотты енгізудің мақсаты – отбасы құқығын қорғау, кəмелеттік жасқа толмағандардың ата-анасының келісімінде өмір сүруіне, олардың тұлға ретінде қалыптасуына жəрдем ету. Осы орайда бүгінгі күні республиканың əрбір өңірінде соттар анықталған, олар отбасы-неке қатынастары саласындағы дауларды қарау тұрғысынан мүлдем басқа көзқарастағы бағыт ұстанып отыр.
Мəселен, сот дауды сотқа дейінгі реттеу арқылы шешу жолымен шектелмейді. Сонымен бірге отбасылық қатынастарды сауықтыру, жалпы отбасын сақтап қалу жəне дау-жанжалдан арылмай жүрген ерлі-зайыптыларды татуластыру жөнінде шаралар қолданады. Бұл үшін соттарда татуластыру рəсімдерін өткізу жөнінде арнайы кабинеттер ашылған.
Мұндай отбасылық кабинеттерде білікті психолог мамандар дау-жанжалға қатысушылармен əңгімелер өткізеді, дауды сот тəртібімен шешудің балалар үшін əкеп соғатын психологиялық салдарын түсіндіреді. Бүгінгі күні аталмыш шара тиімділігін көрсетіп отыр.
Мұнымен қатар, кəмелетке толмағандарды міндетті тəрбиелеу бойынша бірлескен бағдарламалар енгізіп, отбасын сақтап қалу мақсатында бастапқы психологиялық көмек көрсетіп, отбасылық құндылықтарды насихаттап, қажетті іс-шаралар өткізіп, кəмелетке толмағандардың мінез-құлқын түзеу мəселелері бойынша бірлескен əлеуметтік бағдарламалар əзірленуде.
Жалпы «Отбасылық сот» жобасы қоғамдағы орын алған қылмыстардың алдын алуға белгілі бір дəрежеде өзінің оң ықпалын тигізері анық. Бүгінгі таңда ажырасу мен некесіз туылатын балалар санының көбейгендігі, əрбір үшінші отбасының шаңырағы шайқалып жатқандығы, отбасылық зорлық — зомбылық оқиғаларының жиілеуі мамандарды алаңдатып отыр. «Отбасылық сот» аталған мəселелердің оңды шешілуіне ықпал ететіндігі анық.

Жанар АГЕДИЛОВА,
Ұлытау аудандық сотының төраға міндетін атқарушысы.