ЖАҢА ЦИФРЛЫҚ ШЕШІМ салық міндеттемесін орындауды жеңілдетуде
Мемлекеттік кірістер комитеті «e-SalyqBusiness» мобильді қосымшасын əзірлеп, 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосқан болатын. Жаңа цифрлық шешім жеке кəсіпкерлерге салық міндеттемесін орындауды жеңілдетуде. Қазір қосымшаны 27 мыңнан астам кəсіпкер пайдаланып жатыр.
Салық Кодексінің осы жылдан бастап қолданысқа енгізілген ережелеріне сəйкес аталған қосымша арнаулы мобильді қосымшаны пайдаланумен немесе оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын жеке кəсіпкерлердің салық міндеттемелері мен əлеуметтік төлемдер бойынша міндеттемелерін орындауын оңайлатуға арналған.
Қосымшаның функционалы жеке кəсіпкер ретінде тіркелуге, салық режимін таңдауға жəне өзгертуге, чектер беруге, кірістер тізілімін қалыптастыруға, салық жəне əлеуметтік төлемдер бойынша міндеттемелерді қосымшамен автоматты түрде есептеу үшін қызметкерлердің кірістерінің есебін жүргізуге жəне оңайлатылған декларацияның тиісті жолдарын толтыруға мүмкіндік береді. Патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын кəсіпкерлер «e-SalyqBusiness» мобильді қосымшасының пайдаланушылары бола отырып, патент құнының есеп-қисабын ұсынудан жəне табыс алғанға дейін алдын ала (аванспен) салық жəне əлеуметтік төлемдерді төлеуден босатылады.
Қосымшамен есептелген жеке табыс жəне əлеуметтік салық сомасын Электрондық Үкіметтің төлем шлюзінде жарияланған Халық банкінің сервисімен интеграцияны пайдалана отырып, тікелей мобильді қосымшада төлеуге болады.
Бұдан басқа, кəсіпкерлердің ыңғайлылығы үшін қосымшада Салық əмиянының сервистері (оның ішінде берешекті қарау жəне өтеу, артық төлемді басқару бойынша), Мемлекеттік кірістер органдарының бірқатар хабарламаларын алу, сондай-ақ, жеке кəсіпкер қызметін оңайлатылған тəртіппен тоқтату сервисі қолжетімді.
Қосымша «PlayMarket», «AppStore» жəне «AppGallery» алаңдарында қолжетімді. Қосымша мүмкіндігіне қарай функционалын кеңейту бөлігінде жетілдірілетін болады.