Жаңа шаштараз ашылды
Жезді кентінде жаңадан ашылған «Босаға» шаштаразы ел игілігіне берілді. Кент тұрғыны Бибігүл НҰРҒАЛИЕВА өз қаражаты есебінен іске қосқан нысанның тұсаукесер рәсіміне кент әкімі Серік ЕСЕНҒАЛИЕВ пен кенттегі аналар кеңесінің төрайымы Қуаныш КАМАЛОВА қатысты. Кәсіпкердің қадамына сәттілік тілеп, жаңа нысанның лентасын қиды.
-Шаштараз – халықтың тұрақты сұранысына ие кәсіп. Соны ескергендіктен, өз күшіммен жаңа кәсіпті қолға алып жатырмын. Бастысы – қандай да бір істі бастауға ықылас пен кәсіби қабілеттің болуы. Жеке кәсібім арқылы екі адамды жұмыспен қамтып отырмын. Біз ерлерге де, әйелдерге де қызмет көрсетеміз, – дейді Бибігүл Нұрғалиева.
Шаштараз аптаның алты күнінде жұмыс істейді, жексенбі – демалыс.
Қызмет құны – қолжетімді: ересектерге 1000 теңге болса, балаларға – 600 теңге.
Жасұлан АЯШЕВ