Жаңа преамбулада не жазылды?

SHYNDYK LIVE студиясында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Үнзила Шапақ қонақ болды. Сұхбат барысында жаңа Конституция жобасы, парламенттік реформа, референдум өткізу қажеттілігі, мемлекеттік биліктің бастауы халық екені, ұлттық құндылықтар, қазақ тілі мәртебесі және Әділетті Қазақстан құру мәселелері кеңінен талқыланды.

